Қоғам

Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Мұндай келісімдерді қабылдау шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімін анықтайды. Сондай-ақ, екі азаматтық алуға тосқауыл қояды. Азаматтарды елге қайтару мәселесін шешуге мүмкіндік береді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстан үкіметі мен Беларусь үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін пленарлық отырыста сенат депутаттары келісімді мақұлдаған болатын.

Отырыста Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев келісімге 2019 жылдың 25 қазанында қол қойылғанын хабарлаған болатын. Беларусь бұл келісімді осы жылдың мамыр айында ратификациялады.

Мұндай келісімдерді қабылдау шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімін анықтайды. Сондай-ақ, екі азаматтық алуға тосқауыл қояды. Азаматтарды елге қайтару мәселесін шешуге мүмкіндік береді.