Елорда тынысы

Үкімет басшысы астананың құрылыс алаңын аралады

Қазақстанда жыл соңына дейін 15 миллион шаршы метрді құрайтын 150 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН,  14 қараша – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин елорданың жаңа шағын ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үй құрылысын аралады. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.

Алдағы бірнеше жыл ішінде аталған ауданда жалпы ауданы 1,9 миллион шаршы метр болатын 35 мың пәтерлік тұрғын үй кешендері салынады.

Үкімет басшысы астананың құрылыс алаңын аралады

Қазіргі кезде бұл жерде 200 мың шаршы метрді (4 073 пәтер) құрайтын тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Ал тұрғын үй кешендерінің алғашқы кезеңі биыл пайдалануға беріледі.

Үкімет басшысы барлық құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, нысандарды жоспарланған мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Сенатор Мұрат Бақтиярұлы қандастарға берілген үйлерде "мал да тұрмайтынын" айтты

Айта кетейк, биыл Нұр-Сұлтан қаласында 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 8 мыңға жуық пәтерде қоныс той тойланады. Ал 2021 жылда 10 мыңға жуық пәтер кілті тапсырылады.

Жалпы Қазақстанда 2020 жылдың қорытындысы бойынша 15 миллион шаршы метрді құрайтын 150 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.