Саясат

Министрлік шетелдегі қазақстандықтар қай жерде дауыс бере алатынын хабарлады

Шетелдегі жерлестердің сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Шет елдердегі Қазақстан азаматтары мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына қатыса алады. 

Мұны қамтамасыз ету үшін 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

"Шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс сайлауы өтеді.