Қоғам

Аяз және бұрқасын: синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК алдағы 14-16 қараша күндеріндегі ауа райына болжам ұсынды, республиканың басым бөлігінде ауа райы бұзылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде  республиканың барлық дерлік өңірінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, елдің басым бөлігінің ауа райына ылғал қоры мол циклон әсер етеді. Жауын-шашын түседі, көбінесе қар жауады, жел күшейеді, солтүстік облыстарда бұрқасындатады.

Республиканың батысына суық солтүстік-батыс антициклоны ығысып, соның әсерінен 15 қарашадан бастап жауын-шашын тоқтайды деп болжанып отыр.

"Түнгі уақытта еліміздің басым бөлігінде -10-18 градусқа дейін аяз болса, оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста және шығыста ауа температурасы -2-13 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстікте көктайғақ күтіледі.