НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысының міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың келесі қадамдарын талқылады.
"Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус пандемиясына қарсы күресте Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді", - деп хабарлады Қырғызстан президентінің сайты.
Жапаров Қырғызстан саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды, Қазақстанмен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуді көздеп отыр деп атап өтті.
Ақордадағы кездесу: Қырғыз министрінің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды
Ол сондай-ақ Қырғызстан мен Қазақстан жақын көршілер, адал достар, стратегиялық серіктестер және одақтастар екенін баса айтты.