Әлем

Оңтүстік Корея "Спутник V" вакцинасының 150 миллион дозасын өндіреді

Үндістанда вакцина желтоқсан айында өндіріле бастайды. Экспорт 2021 жылдың қаңтарында басталады деп жоспарлануда
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Оңтүстік Кореяда "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинасының 150 миллионнан астам дозасы шығарылады. Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) мен оңтүстік кореялық GL Rapha компаниясы келісімшарт жасады.

Экспорт 2021 жылдың қаңтарында басталады, деп хабарлады РИА Новости.

"РТИҚ мен Оңтүстік Кореяның биотехнологиялар саласындағы жетекші компанияларының бірі елде әлемде бірінші болып тіркелген "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинасының 150 миллионнан астам дозасын өндіруге келісім жасайтындығын жариялайды", - делінген хабарламада.  

Оңтүстік Кореяда өндіріс осы жылдың желтоқсан айында басталады деп жоспарланған.

Ресейлік вакцина Үндістанға келді

РИА Новости сондай-ақ ресейлік "Спутник V" вакцинасы Үндістанға жеткізілгенін хабарлады.

Dr. Reddy's Laboratories компаниясының өкілі елде вакцинаның клиникалық сынақтары жақын арада басталатынын растады.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина NARUVAX C-19 деген атауға ие болды

Бұған дейін осы компанияның атқарушы директоры Эрез Израэль атап өткендей, Үндістанда ресейлік вакцинаны сынақтан өткізудің үшінші кезеңі келесі жылдың мамыр айына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып тіркеді. Препарат "Спутник V" деп аталды.