Елорда тынысы

Елордада бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

13 қарашаға қараған түні жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және қаланың басқа да қоғамдық аумақтарын тазалауға 880-нен астам арнайы техника жұмылдырылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Елордада бір тәулікте 7,0 мм қар түсіп, оны тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.  

Қаланың барлық ауданынан 5 мың м3-ден астам қар шығарылды.

"13 қарашаға қараған түні жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және қаланың басқа да қоғамдық аумақтарын тазалауға 880-нен астам арнайы техника жұмылдырылды. 12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні 17 мың м3-ден астам қар шығарылды", - делінген хабарламада.

Аяз және бұрқасын: синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

13 қарашада қаланы тазалау жұмыстарына 900-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Аумақтарды тазалауға 1 800-ден астам жұмысшы қатысты.

Қар қаланың барлық ауданында орналасқан 11 полигонға шығарылады.