НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша — Sputnik. Ауа райына Салехард ауданынан келген циклон әсер етеді. Жауын-шашын болады, шығыста және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктер тұман, көктайғақ болып, жел күшейетінін айтты. Солтүстік өңірлерде - бұрқасын.
Дабылды ескерту
13 қараша күні астанада, Шығыс Қазақстанда, Павлодар, Ақмола, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран болып, желдің жылдамдығы артады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда 13 қарашада қар жауады. Түнде -6...-8 °C, күндіз -2...-4 °C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Жұма күні Алматыда күн жаңбырлы. Күндіз +4...+6 °C, түнде -1..-3 °C. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с.
Шымкентте күн бұлтты. Түнде -2..-4 °C, күндіз +7...+9 °C. Желдің жылдамдығы: 8-13 м/с
Тағы оқыңыз: Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктердің болжамы