Фото

Авокадо қалай өсіріледі: Португалиядағы плантациядан түсірілген суреттер

Sputnik

Авокадо – бұл ғылыми тілде Persea americana (Америкалық персей) деп аталатын ағаштың жемісі. Алғашқыда Орталық Америкада өсірілген бұл ерекше жеміс тағамдық құндылығының жоғарылығымен бағаланады. Ол дәрумендер мен май қышқылдарына өте бай.

Авокадо – денсаулығын күтетіндер, яғни дұрыс тамақтанатындар арасында өте танымал, себебі оның пайдалы қасиеттері көп.

Оқи отырыңыз: Ғарыштан түсірілген таңғажайып суреттер

Авокадоның пішінімен, түсімен, дәмімен және салмағымен (екі жүз грамнан 1,4 келіге дейін) ерекшеленетін бірнеше түрі бар.

1 / 10
Бүгінде авокадо өсімдігінің "танымалдығы" күн санап артып келеді. Сондықтан, жемістің бұл түрін өсіретін алқаптардың аумағы да көбейе бастады. Бұл – Португалияның Лагуш қаласына жақын маңдағы Алгарв аймағында орналасқан авокадо плантациясы.
2 / 10
Сыртқы пішіні жағынан жаңғақты, ал химиялық құрамы мен дәмінің ерекшелігі жағынан көкөніске ұқсайды. Бірақ авокадо – өте пайдалы жеміс.
3 / 10
Авокадоның үлкен және дөңгелек тұқымын қалай өсіруді тек еріншек адам ғана білмейтін шығар. Брюс Уиллис әйгілі фильмдердің бірінде оны тіс тазалағышты қолдана отырып, стаканның ішінде ұстап тұрғаны бар.
4 / 10
Алайда, бұл жемістің танымалдылығы Мексикада немесе Перудің көптеген бөліктерінде климаттың айтарлықтай дәрежеде өзгеруіне әсер етті. Себебі, авокадоны өсіру үшін үлкен алаңдар қажет. Ол үшін реликті орман ағаштары кесіледі, ал бұл жердің құрғап, шөлейттенуіне әкеліп соғады.
5 / 10
Португалиядағы авокадо плантацияларының өнімдері алдымен жергілікті тұтынушыларға, мысалы, Лиссабондағы әйгілі Avocado House мейрамханасына жеткізіледі.
6 / 10
Алгарвтағы авокадо өсіру плантациялары суды көп мөлшерде қажет етеді, сондықтан бүгінде бұл аймақ су тапшылығын сезініп отыр.
7 / 10
Португалиядағы авокадо плантациялары – жекеменшік иелігінде.
8 / 10
Португалияның Алгарв аймағы үшін авокадо "жасыл алтынға" айналды.
9 / 10
Лиссабондағы әйгілі мейрамханалардың бірінде авокадо қосылып әзірленген салат.
10 / 10
Алгарвтағы авокадо плантациясы иелерінің бірі – шаруа Richard Alan.