Қоғам

Қазақстандық учаскелік полицейлер онлайн форматқа көшіп жатыр

Инспекторлар үй-үйді аралауды азайтады және әлеуметтік желілер мен үй чаттарында профилактикалық жұмыстарға назар аударады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты "Участок" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы онлайн форматқа көшірілді, деп хабарлады Polisia.kz.

"Бірақ бұл учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік аймағын тексермейді дегенді білдірмейді. Тексеру және нұсқау рәсімдердің көбісін олар жаңа ақпараттық технологияларды белсенді қолдану арқылы атқарады", – деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да барлық мектеп онлайн оқыту форматына ауыстырылды 

Ең алдымен, әңгіме "Facebook" әлеуметтік желісіндегі ресми қызмет парақшалары, танымал мессенджерлердегі жалпы чаттары, КСК және ОСИ төрағаларымен онлайн байланыс формалары туралы болып отыр.

"Инспектор көрсетілген ресурстар арқылы өзекті ақпарат пен қажетті мәліметті ала алады. Дәл сол сияқты полиция қызметкерлері қала тұрғындарының кез келген заңға қайшы әрекеттері туралы сигналдарына ден қояды", – деп толықтырды Саттаров.

Айта кетейік, учаскелік инспекторлар іс-шара басталғаннан бері 303 мың 203 тұрғын үйді, 240 мың 738 пәтерді және 62 мың 465 жеке үйді аралап шықты.