Елорда тынысы

Нұр-Сұлтандағы көпірде жүк көлігі аударылды – видео

Жол апатына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Елорда полициясы оқиғаның жай-жапсарын анықтауға кірісті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жолдың ортасында жүк көлігі аударылып қалды. Куәгерлер жол апаты болған жерді видеоға түсіріп алған.

Кейбір мәліметтер бойынша, жол апаты Пушкин көшесі аумағындағы көпірде болған. Видеожазбаға қарағанда, көлік қатты зақымданған.

Бұл факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, деп атап өтті Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

Баспасөз қызметі сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісі дін-аман екенін растады. Қалған мәліметті кейінірек беруге уәде етті.

Сейсенбіде Нұр-Сұлтанда қатты көктайғақ болуына байланысты дабылды ескерту жарияланған болатын.