Видео

Тоқаев ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысуда - тікелей эфир

Сейсенбі күні Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер көшбасшыларының саммиті өтіп жатыр. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданады
Sputnik

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысуда.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш шараға қатысушыларға видеоүндеу жолдайды.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі жиында Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы байланыстың қазіргі жағдайы мен дамыту мәселесі талқыланатынын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер сөз болады. 

ШЫҰ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшылары өзара байланысты нығайту жайын талқылайды. Жаңа коронавирус инфекциясы пандемиясының әлеуметтік-экономикалық және жаһандық саяси әсері мәселесі қозғалады.

Саммит қорытындысы бойынша Мәскеу декларациясы және тағы бірқатар құжат қабылданады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрамына Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Пәкістан енген үкіметаралық халықаралық ұйым. Беларусь, Моңғолия, Иран және Ауғанстан бақылаушы елдер.

ШЫҰ диалогының серіктесі мәртебесіне Арения, Әзербайжан, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка ие.