Қоғам

Тауықтың қай жерін жеуге болмайды – мамандар кеңес берді

Паразиттер мен бактериялар көп жиналатындықтан, тауықтың өкпесін, құйымшағын, басы мен терісін жеуге болмайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Тауықтың кейбір мүшелерінде паразиттер мен бактериялар көп жиналады. Ол адам денсаулығына зиян келтіруі әбден мүмкін, деп хабарлады Sohu порталы.

Материал авторы тауықтың өкпесін, құйымшағын, басы мен терісін жеуге болмайтынын жазған.

"Өкпеде паразиттер мен бактериялар көп. Оны жоғары температурамен өңдеген күннің өзінде қауіпті бактериялардың бір бөлігі ғана жойылады. Жоғары температураға шыдайтын паразиттер де аз емес. Олардың бәрі өкпеде жиналады. Ал адам ағзасына түскеннен кейін әлсіздікке себеп болады. Ешқандай реакция болмаса да, қауіп бар, сондықтан тауықтың өкпесін тамаққа пайдаланбауға кеңес береміз", - делінген мақалада.

Оқи отырыңыз: Қауынды кімдерге жеуге болмайтыны айтылды 

Тауықтың құйымшағы да адам денсаулығына қауіпті. Нәжіс шығатын жерге паразиттер мен бактериялар көп жиналады. Оны көп жесе, денсаулыққа зиян келеді. Мамандар тауықтың басын да аз жеу керек деп санайды.

"Бір-екі бас жесе, ешқандай қауіп төнбеуі мүмкін. Бірақ оны тым көп тұтынсаңыз, сол қауіпті заттар етпен бірге адам ағзасына түседі де, денсаулыққа кері әсерін тигізеді", - делінген порталда.

Бұдан бөлек, "тауықтың терісінде пайдалы коллаген көп" деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Алайда, шын мәнінде, олай емес. Тауықтың терісінде коллаген өте аз. 

"Теріде коллаген емес, май көп. Сосын бетінде паразиттер мен бактериялардың түр-түрі жасырынып жатады. Сондықтан тауықтың терісі адам ағзасына ешқандай пайда әкелмейді", - дейді   автор.