Әлем

Байқаушылар Америкада сайлаудың ұйымдастырылуына баға берді

3 қарашада АҚШ-тағы сайлау үдерісіне нүкте қойылмайды деген болжам орындалып отыр – қойылым сюжеті үлкен қарқынмен басқа арнада дамып келеді. Осы ретте әлемдік демократиялық құрылымдар олар үшін айрықша маңызды деп саналатын мәселелерге назар аудара бастады
Sputnik

Біз президенттік сайлауда айлакерлік бар екенін анықтайтын және беларусь халқын басып-жаншуды мақсат еткен Лукашенко режимінің әрекетін ашық көрсететін тәуелсіз тергеу жүргізуге ұмтылдық. Жаңа сайлау ұйымдастырылуы керек, ол еркін әрі әділ өтеді, деп мәлімдеді Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб.

Қазақ қызы АҚШ президенті әкімшілігінде басшылық қызмет атқарып жүр

ЕҚЫҰ да сыртқы істер министрлігіне ұқсас баяндама жасады. Оның ресми баяндамашысы мүше елдерге Беларустьте 2020 жылдың 9 тамызында өткен президент сайлауының нәтижелерін мойындамауға, демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының және басқа халықаралық бақылаушылардың қадағалауымен ЕҚЫҰ стандарттарына негізделген жаңа сайлау өткізуге кеңес берді.

ЕҚЫҰ  бақылаушылары Америка сайлауына барынша оң қабақ танытты. Әрине, кейбір кемшіліктер де атап өтілді, мысалы, азаматтың соттылығына байланысты дауыс беру құқығынан айырылуы. Тепе-теңдік үшін артықшылықтарды да атап өтуге болады. Оған қайтыс болған адамдарға, соның ішінде кандидат Байденге қайтыс болғанына біраз уақыт өткен марқұмдардың дауыс беру құқығының сақталуы. Бірақ тұтастай алғанда, олардың пайымынша, "3 қарашадағы жалпы сайлау құқықтық белгісіздіктер мен логистикалық қиындықтарға қарамастан, бәсекелі түрде өтіп, өте жақсы ұйымдастырылған". 

АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео да Беларусьті тәуелсіз бақылауға негізделген сайлау өткізуге шақырды.

Еуропа Одағы Лукашенконы Беларусь президенті ретінде мойындаудан бас тартты

Жалпы, Лукашенконың ары таза деп санайтындар және Беларусьтегі сайлауды демократияның шыңы деп бағалайтындар аз. Бірақ қазіргі таңда АҚШ пен Беларусьтің рөлі мен ықпалын салыстыруға келмейді. 

Сондықтан АҚШ-тағы сайлауда орын алған жағдайлар басқа елдер үшін әлдеқайда орасан прагматикалық маңызға ие болып отыр.