Оқиға

Үйіне оралған павлодарлық әйелі мен 3 баласының денесін тапты

Ер адам үйіне оралған кезде есік ішінен жабық болған. Үйде еш нәрсе қирамаған, бәрі өз орнында тұрған
Sputnik

ПАВЛОДАР, 9 қараша – Sputnik. Павлодарлық өз үйінде әйелі мен үш баласының денесін тапты, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"9 қараша түсте Айманов көшесі, 2 мекенжайында орналасқан пәтерден қоңырау түсті. Ер адам төрт мәйіт тапқан. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы үйіне оралған ер адам есікті аша алмағанын анықтады. Ол көршілерінен шарқайрақ алып, есікті кесіп ашқан. Үйге кірген соң бөлмелердің бірінде әйелі мен 3 баласының мәйітін көрді", - деп хабарлайды Павлодар облысының полиция басшысы  Нұрлан Мәсімов.

Бәрінің денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Балалардың үлкені - жеті, ең кішкентайы үш жаста болған.

Ерлі-зайыпты бірге тұрған. Үйдегі заттардың бәрі өз орнында, полицияны үй иесі шақырды.

"Екі және одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша әйел балаларын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.