НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) мен Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әлеуметтік желілерде коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы туралы ақпарат беру кампаниясын бастайды, деп хабарлайды РИА Новости қорға сілтеме жасап.
Кампания #SputnikV хэштегін қолданады.
"#SputnikV вакцинасының әлеуметтік желілердегі арналары қолданушыларға клиникалық зерттеулердің, әртүрлі елдердегі вакцина өндірісінің және халықты вакцинациялаудың барысы жайлы хабарлайды. Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары бұған дейін қолданылған вакциналар мен технологиялар туралы айтып отырады. #SputnikV вакцинасын салдырған адамдар өздерінің тәжірибесімен бөліседі", - деді РТИҚ өкілдері журналистерге.
Көрсетілген хэштегі бар арналар вакцина жаңалықтарын, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың санын және өндірістік мәліметтерді жариялауға арналған негізгі алаңға айналады.
Сондай-ақ, вакцинаға қатысты ауқымды іс-шаралар және жетекші сарапшылардың Twitter, Facebook, Instagram, Youtube сайттарына берген сұхбаттары көрсетіледі.
Тамыз айында Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі Гамалея орталығы әзірлеген және Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп шығарған COVID-19-дың алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеді. Оған "Спутник V" деген атау берілді. Препараттың екі компоненті үш апта аралығында енгізіледі.