Өңірлер

Батыс Қазақстан облысында санитарлық бекеттер қойылады

Коронавирусқа қарсы шаралар 10-23 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысының бүкіл аумағында енгізіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері өңірде эпидемияға қарсы жаңа шараларды енгізуге өкім етті.

Атап айтқанда, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Орал қаласының периметрі бойынша және Батыс Қазақстан облысының аудандарында санитарлық бекеттер қою тапсырылды.  

Шектеу шараларының режимі мен уақыты өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына қатысты жағдай өзгерсе, қайта қаралуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның солтүстігіндегі қала карантинге жабылатын болды 

Тұрғындар үшін бұрынғыдай сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін үйден шығуға тыйым салынады. Полиция қызметкерлеріне, жедел жәрдем дәрігерлеріне, өрт сөндірушілерге және елді мекеннің тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне жүріп-тұруға рұқсат етіледі.   

Блок бекеттерден кім өте алады

Санитар дәрігердің қаулысымен бірқатар санаттағы азаматтарды қоспағанда, тұрғындардың облыс және Орал қаласының аумағына кіруіне/шығуына тыйым салынады.

Блок бекеттер арқылы өтуге рұқсат алатындардың тізімі:

  • халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері;
  • медициналық себептер бойынша шығатын және кіретін адамдар;
  • карантиндік ауруханаларда емделіп жатқан және бақылауға алынған адамдар;
  • транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар;
  • вахта жұмысшыларын тасымалдайтын көлік құралдары;
  • күзгі дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы, жол жөндеу жұмыстарына, апаттан құтқару қызметіне, бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отын және жанар-жағармай жеткізуге тартылған көлік пен адамдар: олар растайтын құжаттарды көрсетуі керек (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін – жұмыс орнынан мөрмен расталған анықтама);   
  • тұрақты тұрғылықты жеріне оралатын адамдар және саяжай үйлеріне бару үшін  құқық белгілейтін құжаттарды көрсеткен кезде  өңір тұрғындары (бір отбасы мүшелері);
  • жақын туысы (әкесі, шешесі, ағасы, әпкесі, балалары) қайтыс болған тұрғындар;
  • жұмыс берушінің мөрімен расталған анықтама болған жағдайда үйден жұмысқа барып-келуге болады.