Қоғам

Қазақстанда тағы сегіз адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 601 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 397 бала бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте сегіз адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды.

"Өткен тәулікте жеті адам коронавирустан, бір адам ковидтік пневмониядан көз жұмды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте елімізде 723 адамның коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Бұл көрсеткіш бойынша көш басында Шығыс Қазақстан облысы келе жатыр.

Ал ковидтік пневмонияға 176 адам шалдыққан.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 601 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 397 бала бар. Стационарларда 2 727 науқас жатыр. 3 874 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 188 адамның ахуалы нашар Соның ішінде 20 науқастың хәлі аса ауыр деп бағалануда. 28 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.