НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Демократиялық партия кандидаты Джо Байден ірі америкалық БАҚ сайлау қорытындысын жариялағаннан кейін өзінің президент болып сайланғанын мәлімдеді.
"Америка халқы мені президентікке сайлағаны мен үшін үлкен құрмет", - деп мәлім етті Байден.
Ол президенттік науқан аяқталған соң "ашу-ыза мен өткір риториканы қойып, ұлт ретінде бірігуге" шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.
Байден өз саясатының басым бағыттарын айқындады - COVID-19-бен күрес, экономика, климат және нәсілшілдікке қарсы тұру.
Сондай-ақ ол "демократияны қорғап, абыройды қалпына келтіру" қажеттігін мәлімдеп, америкалықтар үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.
"Мен халықты бөлмейтін, керісінше біріктіретін президент болуға уәде беремін. Біз Американы "көгілдір" (демократиялық – ред.) немесе "қызыл" (республикалық – ред.) деп қарастырмаймыз, біз үшін Құрама Штаттары - біртұтас", - деді халыққа үндеу тастаған Байден.
Ал екінші кандидат – АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп сайлау қорытындысымен келіспей отыр, ол өзінің жеңіске жеткенін сотта дәлелдемек.