Видео

Зейнеткер қауіпсіздік жабдықтарынсыз тік жартастарға шығады – экстремалды видео

70 жастағы Андрей Дидух жартасқа шығып, түсудің шебері атанған. Қария өз елінде ғана емес, шетелде де танымал болды. Көзтартарлық видеоны көріңіз!
Sputnik

Альпинист-зейнеткер Красноярск қаласынан шыққан. Ол тауларға арнайы жарақсыз шыға алады.

Тәжірибелі альпинисті "қарт" деп айта алмайсың: атайдың ширақтығы соншалық, тік жартастарға шыққанда арнайы қауіпсіздік жабдықтарын пайдаланбайды. Еш қиындықсыз өрмелеп, түсіп келе жатқанын көргенде еріксіз таңданасың! Ол өз аяқ-қолына ғана сенеді.

Атлет Ресейде ғана емес, шетелдерде де танымал болды. 70 жастағы Андрей Дидухты жұрт Андроныч атай деп атап кеткен, оның дене бітімі мен спорттық дайындығы таңғалдырмай қоймайды.

Ер адам салауатты өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде жаттығу жасайды, әлемдегі барлық жаңа шыңды бағындырған.

Соңғы бірнеше жылда сұр сақалды спортшы Таиландтағы қыстақтарда болды, ал биыл Қырымға аттанды.

70 жастағы альпинист Қырым тауына арнайы саймандарсыз қалай шыққанын видеодан көріңіз!