НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша - Sputnik. Қолданушылар желіге құжат, банк карталары және билеттерді жүктеуге болмайтынын біледі. Мұндай ақпаратты алаяқтар пайдаланады. Алайда үйдің, мектептің жанында түскен фотоларды бөлісу қауіпті екенін бірі білсе, бірі білмейді, деп хабарлайды "Прайм" агенттігі сарапшыға сілтеме жасап.
"Мұндай суреттер қауіпті емес. Бірақ жаңа үйіңіздің, жаңа PlayStation 5, теледидардың фотосын бөлісіп, кейін демалысқа кеткеніңізді хабарласаңыз, алаяқтар ақпаратты пайдалануы мүмкін. Олар пәтеріңізге кіріп, бағалы заттарды жымқырады", – дейді сарапшы.
Суреттерде геолокация қойып, айлакердің жұмысын жеңілдетесіз. Өйткені олар сіздің күніңіз қалай өтетінін біліп, үйіңізге ұрлыққа түседі.
Осылайша, суретіңізді бөлісіп, барған жеріңізді белгілесеңіз, алаяқ жұмысының жартысын істедіңіз деген сөз. Ол сізді аңдымайды, тек суреттеріңізден ақпарат алады.
Сарапшы-зерттеуші Эльвина Насибулина, әсіресе, балалардың әлеуметтік желіде қандай сурет бөлісетінін қадағалау керек екені айтып отыр.