Өңірлер

Шығыс Қазақстанда тағы бірнеше елді мекен карантинге жабылды

Бүгіннен бастап санитар дәрігердің қаулысымен Серебрянск, Жаңа Бұқтырма елді мекендеріне кіріп-шығуға тыйым салынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында тағы екі елде мекенде – Серебрянск пен Жаңа Бұқтырмада санитарлық бекеттер орнатылды. Бұл туралы Алтай ауданының санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған.

YK-News.kz басылымының хабарлауынша, аудандық санитарлық дәрігердің қаулысы ресми дереккөздерде жарияланды.

Құжатқа сәйкес, Серебрянск пен Жаңа Бұқтырма елді мекендеріне кіріп-шығуға тыйым салынды. Тек кейбір санаттағы адамдар ғана жүріп-тұра алады, олар: халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері, медициналық көрсеткіштер бойынша кіріп-шығатындар, емделіп жүргендер мен карантиндік стационарда жатқандар, транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар, вахтамен жұмыс істейтіндерді таситын көліктер, тұрғылықты жеріне қайтып келе жатқандар мен қала сыртындағы үйіне келген облыс тұрғындары.

Басқа тұрғындар үйден жұмысқа және кері қайта алады, олардың қолында жұмыс берушінің анықтамасы болуы керек.

Оқи отырыңыз: Шымкентте карантин ұзартылды