НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша — Sputnik. Майк Коппинджер орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің поляк Камил Шереметамен жекпе-жегі қашан өтетінін айтты.
Оның ақпаратына сәйкес, кездесу желтоқсанда өтеді. Ол DAZN спорт стримингтік сервисінде трансляцияланды.
"Геннадий Головкиннің Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі 18 немесе 19 желтоқсанда АҚШ-та өтеді. Стримингтік сервис мұны ұйымдастырға соң GGG 2021 жылдың көктемінде әлдеқайда маңызды кездесулер өткізетін болады", - деп жазды Коппинджер Twitter-де.
Бастапқыда Головкин 2020 жылдың ақпанында оралады деген болжам жасалған еді. Кейін наурыз айына шегерілді. Қазақстандық спортшы жаттығу лагерінде жіліншігін жарақаттап алып, Шереметаға қарсы жекпе-жектің уақытын өзгертті.
Тағы оқыңыз: Мұндай жауап күткен жоқ: Головкин журналистерді қалай састырды?