Фото

Жәндіктердің жұмбақ өміріне үңілуге бола ма – таңғажайып суреттер

Sputnik

Luminar Bug Photography Awards 2020 жеңімпаздары жәндіктердің жұмбақ өміріне үңілуге мүмкіндік беретін керемет суреттер топтамасын әзірледі.

Қоңыздардың, көбелектердің, ұлулардың, шаяндардың және басқа омыртқасыз жәндіктердің тіршілігін жақыннан байқау оңай емес. Ол үшін сізге жақсы фотокамера және олардың өмірінен хабар беретін кез келген сәтті қалт жібермейтін шеберлік қажет.

Беделді фотобайқаудың қатысушылары 23000 фунт стерлингті құрайтын жүлде қоры үшін бақ сынады.

Luminar Bug Photography Awards 2020-ға жер шарының әр қиырынан бес мыңнан астам сурет жіберілді.

Фотобайқау омыртқасыз жәндіктердің ең жақсы фотосуреттерін анықтау, сондай-ақ мұндай тіршілік иелері қатарының азайып бара жатқанына қоғам назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша Сауд Арабиясынан келген Абу Шалва жәндіктер тіршілігінің қайталанбас сәттерін таспаға шебер түсірген фотограф ретінде бас жүлдеге ие болды.

Алайда, сіз бұл фототоптамадан 11 номинация бойынша үздік деп танылған басқа да жеңімпаздардың суреттерін көре аласыз. Ең жақсы туындылар бірінші, екінші және үшінші орындармен марапатталды.

Ендеше, беделді фотоконкурстың айшықты кадрларын тамашалаңыз.

1 / 15
Фототаспаға түкті араны түсірген 17 жастағы Джейми Пресли "Жылдың жас фотографы" атанды.
2 / 15
Мофид Абу Шалва есімді фотограф пальма қоңызын Сауд Арабиясында түсірген. Ол "Өте жақын түсірілген кадр" аталымы бойынша байқау жеңімпазы атанды.
3 / 15
Гүлге өрмелеп шыққан богомолдардың суреті "Ұялы телефон" номинациясында жеңіске жетті. Бұл – Италия фотографы Фабио Сарторидің еңбегі.
4 / 15
Галис Хоарау "Су жәндіктері" аталымына ұсынған суретімен жеңімпаз атанды. Фото Индонезияда түсірілген. Онда ашық мұхитта тіршілік ететін кальмар бейнеленген. Теңіз жыртқыштары, оның ішінде қальмарлар күн ұясына батқаннан кейін жемтігін аулау үшін мұхиттың тереңінен су бетіне көтеріледі.
5 / 15
Екі құмырсқа жәндіктің өздерінен ұсақ түрін жегелі жатыр.
6 / 15
Өрмекші мен оның балалары Тайвань тауларында түсірілген. Таңғажайып кадр "Өрмекшілер" номинациясын жеңіп алды.
7 / 15
Бұл кадр байқаудың "Қоңыздар" аталымында жеңіске жетті. Онда жәндіктің ұшар алдында қанаттарын жайып жатқан сәті фотограф таспасына іліккен.
8 / 15
Мына фотосуретте де қызықты көрініс бейнеленген: жабайы табиғатта кездесетін жәндіктер – екі сарышаян мен өрмекші түнде ультракүлгін сәулесінің көмегімен фототаспаға түсіп қалды.
9 / 15
Бұл өрмекші Колорадо штатында түсірілген. Оның авторы "Өрмекшілер" номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алды.
10 / 15
Суретте – қарапайым бақша ұлуы. Оның авторы, Ұлыбритания фотографы Дэвид Лейн "Ұлулар" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Фотограф жәндікті таспаға түсіру үшін оны қара керамикалық плитканың үстіне қоюға тура келді. Фотосессия сәтті өтті.
11 / 15
Композицияда өсімдік сабағына ілініп тұрған, инелікке үқсайтын "біркүндік" атты үш ұшатын жәндік бейнеленген. Оны фотограф Питер Орр Ұлыбританияның Кеннет өзенінде түсірген.
12 / 15
Сара Джазбар "Көбелектер" номинациясы бойынша түсірген суретімен басқалардан оқ бойы озық болды. Автордың фототаспасында алғаш рет ұшқалы жатқан әдемі көбелек бейнеленген.
13 / 15
Бұл – ұясына батып бара жатқан күн көрінісімен қатар таспаға түсірілген инеліктің суреті. Оның авторы – Нидерланды фотографы Крис Руйтер.
14 / 15
Суретте – Сауд Арабия фотографы Рияд Хамзи түсірген ара. Фото "Өте үлкен кадр" номинациясында жеңімпаз болды.
15 / 15
"Жәндіктердің үйлері" аталымында өз ұяларынан шығып келе жатқан аралар бейнеленген сурет жеңімпаз атанды.