Өңірлер

Шымкентте карантин ұзартылды

Қызметкерлердің кем дегенде 50 процентін қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды. Азық-түлік, азық-түлік емес базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Шымкентте  карантин 23 қарашаға дейін ұзартылды.

Қаулыға сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтарына көпшілік көп жиналатын, отбасылық шараларға қатысуға тыйым салынды. 65 жастан асқан тұрғындардың үйден шығуы шектелді.

Қызметкерлердің кем дегенде 50 процентін қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды. Азық-түлік, азық-түлік емес базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.

Оқу жылының екінші тоқсанында 1-5 сыныптарда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптар жұмысына рұқсат берілді. Бір сыныптағы адам саны 15-тен аспауы аспауы тиіс.

Қоғамдық көлік қозғалысы 7.00 - 21.00.