НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны артып жатыр. Өткен тәулікте, 5 қарашада вирус 591 адамнан табылды , деп хабарлады COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір күн бұрын 494 адам ауырғанын хабарлаған едік.
- Алматы қаласы – 30,
- Шымкент қаласы – 5,
- Ақмола облысы – 30,
- Ақтөбе облысы – 6,
- Алматы облысы – 10,
- Атырау облысы – 9,
- Шығыс Қазақстан облысы – 250,
- Жамбыл облысы – 4,
- Батыс Қазақстан облысы – 49,
- Қарағанды облысы – 20,
- Қостанай облысы – 49,
- Павлодар облысы – 68,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25,
- Түркістан облысы – 2.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 114 826.