Саясат

Қарулы күштер құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Құсайынов Қарулы күштер құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Қойбақовты Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындады, деп хабаралды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Құсайынов бұл лауазымнан босатылды. Қойбақов оның бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Қарулы күштер құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды

Талғат Қойбаков 1963 жылы Жамбыл облысында туды. 

Үйленген, екі қызы бар. 

1985 жылы И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін тәмамдаған. Кейін 2002 жылы ҚР Қарулы күштері әскери академиясында оқыды.

2011 жылы – Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әскери академиясын тәмамдады.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарулы күштер құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары болған.