Қоғам

Алматыда үш қабатты жатақхана бұзылды: мамандар жағдайды түсіндірді

Тексеріс барысында бұзылған ғимараттың маңында ешбір құқықтық құжатсыз тағы екі қабатты контейнер құрылымы салынып жатқаны әшкереленді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Алматы қаласының Алатау ауданында заңсыз салынған үш қабатты жатақхана сот шешімімен бұзылды. Сондай-ақ, ғимарат иесіне 669 мың теңге айыппұл салынды.

Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдеріне Самғау шағынауданының тұрғындары шағымынып, заңсыз құрылыс туралы хабар берген.

Құрылыс нысанын тексерген шенеуніктер жер учаскесінде ауданы 387 шаршы метр болатын үш қабатты жатақхана салынғанын анықтады.

Ведомство мамандары ғимаратты жобалық-сметалық құжаттар мен тиісті сараптамасыз, техникалық және авторлық қадағалаусыз, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарға ескертусіз тұрғызғанын анықтады.

Алматыда үш қабатты жатақхана бұзылды: мамандар жағдайды түсіндірді

Тексеріс барысында ғимараттың шығыс жағында екі қабатты контейнер құрылымы салынып жатқаны әшкереленді. Бір қызығы, оның да ешбір құқықтық құжаттары жоқ болып шықты.

Айта кетейік, заңсыз салынған құрылыс нысанының жалпы аумағы 0,0067 гектарды құраған.

Оқи отырыңыз: Пәтерлерді заңсыз сатқан: Нұр-Сұлтанда құрылыс компанияларының қылмысы әшкереленді