Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте жеті адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар 1873-ке дейін, COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар саны 406-ға дейін өсті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар туралы мәліметті жариялады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда індетке шалдыққандар саны көбейді 

Өткен тәулікте коронавирустан алты науқас, ковидке ұқсас пневмониядан бір науқас көз жұмды. Бір күн бұрын да осындай сан болған.    

Коронавирус туралы мәлімет

Қазіргі уақытта 5223 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 340 бала бар. Ауруханаларда 2572, амбулаториялық деңгейде 2651 науқас емделуде. 148 адамның жағдайы ауыр, 25-інің жағдайы өте ауыр, 26 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды.

Өткен тәулікте, 4 қарашада республикада коронавирус инфекциясын жұқтырған 494 науқас анықталды.

COVID-19 белгілері бар пневмония туралы мәлімет

Өткен тәулікте 209 науқас тіркелді. Бір тәулікте 64 адам сауығып шықты.