НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қабыл университетінде жасалған жантүршігерлік лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың жазықсыз қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Осындай қаралы сәтте орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасылар мен барша Ауғанстан халқына қазақстандықтардың және өз атымнан көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.
Қазақстан президенті қасіретті оқиғада зардап шеккен адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
2 қарашада Қабыл университетінде жарылыс болды. Заңгерлік факультет қаруланған адамдар оқ ата бастады. Салдарынан ондаған адам көз жұмды. Қауіпсіздік қызметкерлері оқиға болған жердің маңындағы жүздеген адамды эвакуациялады. Қаруланған үш адамды өлтірді.
БАҚ хабарлауынша, экстремистер шабуылы салдарынан 35 адам қаза болды, 50 адам жарақаттанды.