Қоғам

Қазақстандық дәрігерлер шағын инвазивті хирургия бойынша оқытылады

Оқыту бір аптаға созылады, оның барысында хирургтер теорияны оқып, жануарларға өз бетінше операция жасау мүмкіндігіне ие болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қазақстанда жануарларға лапароскопия әдісімен операция жасау оқытыла бастады.

Президент іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасында оқу бағдарламасының тетігі іске қосылып, ветеринарлық зертхана ашылды. Роботты хирургияны оқыту бағдарламасы аясында жануарға лапароскопиялық операция жасалды, деп хабарлады аурухана мамандары.

"Қазақстанда роботтехникалық хирургия дамуының келесі кезеңі – роботталған технологияны трансферлеу және тәжірибе алмасу. Екі жыл ішінде роботты хирургия орталығын дамыту бағытында орасан жұмыс атқарылды, қазір біз өз тәжірибеміз бен білімімізді әріптестерімізбен бөлісуге дайынбыз. Біз жануарларды пайдалана отырып, лапароскопия бойынша оқыту циклдарын бастадық. Бұрын Қазақстанда шағын инвазивті хирургия бойынша тәжірибелік оқыту курстарында жануарлардың пайдаланылмағанын атап өту қажет", - деді президенттік клиниканың директоры Валерий Бенберин.

Қазақстандық дәрігерлер шағын инвазивті хирургия бойынша оқытылады

Оқыту шеңберінде хирургтер адамдарға операция жасамас бұрын, хирургиялық процестің 100 проценттік көшірме үлгісін жануарда қолдана алады. Лапароскопия бойынша оқытатын бұл цикл технологияны роботтардың көмегімен игеру бағытында жасалған алғашқы қадам болып саналады, деп атап өтті клиника басшысы.

Лапароскопиялық хирургияны оқыту бағдарламасы президенттік клиникада әзірленіп, бекітілді. Апталық оқу циклі (54 сағат) теориялық дәрістер материалын, сонымен қатар тәжірибелік жұмыстың екі түрін қамтиды: симуляторда және жануарларға арналған ветеринарлық зертханада.

Қазақстандық дәрігерлер шағын инвазивті хирургия бойынша оқытылады

Президенттік клиниканың роботтандырылған хирургия орталығы 2018 жылы ашылды. Хирургтер мен медбикелер тобы роботтандырылған хирургияны енгізу үшін Миланда арнайы оқу циклынан өтті. Роботты хирургия орталығы ашылғаннан бері осы қондырғыны пайдалана отырып, жалпы хирургия, гинекология және урология саласында 250-ден астам операция жасалды.

Қазақстандық дәрігерлер шағын инвазивті хирургия бойынша оқытылады

Лапароскопия - бұл хирургиядағы заманауи әдіс, онда операциялар ішкі ағзаларға кішігірім (әдетте, 0,5-1,5 сантиметр) саңылаулар арқылы жасалады, ал дәстүрлі хирургияда үлкен тіліктер қажет етіледі. Лапароскопия әдетте, іш немесе жамбас қуысындағы ағзаларға жасалады.