Әлем

АҚШ-тағы президент сайлауы: дауыс санау жалғасуда

Мемлекет басшысының лауазымы атану үшін негізгі тартыс Дональд Трамп пен демократ Джо Байден арасында өрбуде
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. АҚШ-та қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамп пен оның демократиялық қарсыласы Джо Байден арасындағы дауыстарды санау процесі жалғасуда.

Сайлаудың екі сатылы жанама жүйесі арқылы АҚШ-та сайлаушылар алқасы жұмыс істеуде. Қазіргі таңда сайлаушылар саны 538 болса, жеңіске жету үшін үміткердің бірі 270 дауыс жинауы қажет.

CNN-нің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 9:50-де Трамп – 72, Байден – 94 дауыс жиған. Ал The Associated Press агенттігінің дерегінше, көрсеткіш – 108 де 131.

Бүгінге дейін бірнеше штатта 20-дан 60%-ке дейінгі дауыстар саналды.

Сондай-ақ, алдын ала мәліметтерге сүйенсек, кандидаттар дауыс саны бойынша Флорида, Техас, Небраска және Солтүстік Каролина штаттында сайлаушылардың дауыс саны тең келеді.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Индиана, Нью-Гэмпшир, Оңтүстік Каролина, Вирджиния, Индиана, Джорджия, Оклахома, Теннеси, Мичиган, Арканзас, Батыс Вирджиния, Солтүстік Дакота мен Оңтүстік Дакота штатында Трампқа берілген дауыс басым түссе, Нью-Йорк пен Вермонт, Канзас, Нью-Джерси, Колорадо және Нью-Мехсико штаттында Байден көп дауыс алған.

Ал Техас пен Огайо және Пенсильванияда бәсекелестік қызу жүріп жатыр.

Айта кетейік, деректерді есептеу процесі әлі де жалғасуда.