АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға 2 қарашада Польшаның Ополе-Любельске қаласында болды.
"2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Шетелде тұратын қазақстандық әйел ұлын пышақтап өлтірді: оқиғаның мән-жайы
Қазір Қазақстанның Польшадағы елшілігі Қазақстан азаматының туыстарымен байланыс орнатып, марқұмның денесін елге қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.