Оқиға

Үш адам мерт болды – Алматы облысындағы қайғылы оқиға туралы ақпарат жарияланды

Дәрігерлер пациенттердің жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Олар Алматыға ауыстыруға дайындап жатыр
Sputnik

ТАЛДЫҚОРҒАН, 3 қараша — Sputnik. Алматы облысында тау асуында көлік аударылды. Үш адам қайтыс болып, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.  

Полиция ақпаратына сәйкес, Toyota Camry 30 көлігінің рөлінде 46 жастағы әйел отырған. Екі жолаушы апат орнында, тағы бір адам ауруханада көз жұмды. 

"Апат Алматы-Кеген жолының 25-ші шақырымында болды. Жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деді облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасы олардың біреуі амбулаторлық емдеуге жіберілгенін айтты.

"Зардап шеккен төрт жасар бала жабық ми жарақатын алған. Маңдай-шеке сүйегі сынған, бас миы жарақаттанған. 1982 жылы туған адам да қатты жарақаттанды", - деді облыстық денсаулық басқармасында.

Дәрігерлер пациенттердің жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Олар Алматыға ауыстыруға дайындап жатыр.