НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Қазақстандық келіншек Оңтүстік Корея клиникасында қатерлі ісіктен көз жұмған жеті жасар қызының мәйітін қарызға батуына байланысты әкете алмай отыр деген әңгіме ойдан шығарылған болып шықты. Әйелдің өтірігі әшкере болып, жиналған ақшаны қайтаруға мәжбүр болды, деп жазды "Костанайские новости".
Бұған дейін Мәдина Айдан "қайғылы оқиғаны" жергілікті порталға баяндап берген. Әйелдің айтуынша, кішкентай қызы Инабат онкологиямен ауырған. Оны Оңтүстік Кореяға өз қаражатына апарыпты. Алайда емдеу шаралары кешіктіріліп, қыз клиникада көз жұмған.
Оқи отырыңыз: Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады – министрлік ақпарат берді
Мәдина Айдан енді баланың денесін елге қайтара алмай, қарызға батуына байланыста өзі де үйіне кете алмай отырғанын жеткізген. Сонымен бірге, әйел "бар-жоғы 685 доллар" жинау керек екенін айтқан.
Кейінірек Мәдина Айданның шынымен де Инабат есімді қызы және тағы үш баласы бар екені белгілі болды. Бірақ олардың барлығының дені сау. Ол шынымен аққанмен ауыратын Алматы облысының 8 жасар тұрғыны Камилла Реброваның фотосы мен құжаттарын пайдаланған. Мәдина өзінің байланыс телефоны мен банк реквизиттерін ғана көрсеткен.
LIDER.KZ қозғалысының еріктілеріне алаяқтық әрекетті ашуға Ребровтардң туыстары көмектескен.
Жанашыр қазақстандықтар Мәдина Айданға жоқ қарызды төлеуге 970 мың теңге аударғаны анықталды. Әйел барлық жиналған ақшаны Камилла Реброваның ата-анасына беріп, картаны жауып тастады.
Ребровтар отбасы мен еріктілер жиналған қаражатты емделуге мұқтаж балалар арасында үлестіру туралы шешім қабылдады.