Қоғам

"Шатастырып алған": Қайрат Түнтеков қызды болғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Әнші елден сүйінші сұраған Бағлан Жолдасовты танитынын және  ақпараттың қайдан шыққанын білмейтінін айтты
Sputnik

АЛМАТЫ, 2 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Түнтековтің қызды болғаны туралы ақпарат тарады. Әншінің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл – жалған ақпарат. Шатастырып алған сияқты. Мен үйленгенмін, бірақ әлі ондай ақпарат жоқ", - деді Түнтеков.

Бұл ақпаратты Instagram парақшасында Түнтековтің әріптесі Бағлан Жолдасов жазған болатын.

Сәкен Майғазиев: Көкемнің жақындарының жүрегін ауыртқаннан мүйіз шыға ма?

"Қазан айының 27-не қараған түні бір ғасырда бір туатын, шын талант Қайрат Түнтеков досым қызды болды", - деп жазды ол.

"Бағланды танимын. Бұл – жалған ақпарат. Осы бір-екі күн бұрын ғана Бағланға айттым. Оған өшіре сал деген едім, әлі өшірмепті", - деді Түнтеков.

Әнші ақпараттың қайдан шыққанын білмейді. Басқа біреумен шатастырып алған болуы мүмкін деп топшылады.

Қайрат Түнтеков 1986 жылы 14 ақпанда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2004-2005 жылдары SuperStar KZ музыкалық жобасының екінші маусымында жеңіске жетіп, танымал болды.