Қоғам

Нұр-Сұлтанда ер адам 25 жастағы қызды зорламақ болды

Орта жастағы әйел көшеде жүрген Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне келіп, белгісіз біреу оның қызын зорламақ болғанын айтқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қызды зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Нұр-Сұлтанда 30 қазан түнгі ондар шамасында болды. Байқоңыр ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген "ұландықтарға" орта жастағы әйел келіп, белгісіз біреу оның 1995 жылғы қызын зорламақ болғанын айтқан.

"Қыздың даусынан шошыған күдікті жақын маңдағы үйлердің ауласына жасырынды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ер адамды іздеуге кірісті. Араға 20 минут салғаннан кейін әскери жасақ күдіктіні ұстады", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Айқайлама, айтқанымды істе!": Алматыда әншіге шабуыл жасалды

Қызды зорламақ болған ер адам – Ақмола облысының 1972 жылғы тумасы.

Жәбірленуші күдіктіні танығаннан кейін, ол Байқоңыр ауданының полициясына жеткізілді.