Мұндай көзқарас Ресей ішінде кеңінен таралған, бірақ бұлай ойлау түбегейлі дұрыс емес, деп хабарлайды РИА Новости.
Сонымен қатар, бұл жерде ешқандай қарапайым байланыс жоқ. Бірнеше бөлікке ыдыраған және қиындыққа басы бүтін батып кеткен, соның әсерінен сыртқы белсенділікте күші мен мүмкіндігі бәсеңдейтін АҚШ біз үшін анағұрлым пайдалы болады деп санау өте жеңіл ойлағандық болар еді. Тек XIX ғасырдағы қанды азаматтық соғыстан күшейген күйде шыққан Америка жарты ғасырдан кейін-ақ әлемдік үстемдікке бет бұрды.
Қазір, әрине, жағдай басқаша. Бірақ АҚШ-тағы ішкі проблемалардың іс жүзінде қарқын алуы олардың геосаясат шыңынан түсуін білдірмейді. Америка шегінуді жалғастыра береді. Бірақ біз үшін оның ұйымдасқан түрде мағыналы сипат алуы маңызды. Себебі мұндай жағдайда, "Вашингтон бүгін жеңіліске ұшырады, ал ертең ол қарсы шабуылға шығып, кездейсоқ ядролық соғысты бастайды" сериясындағы хаосқа апаратын ақылсыз әрекеттердің ықтималдығы аз болады.
Ресей үшін әрине, АҚШ-тың өзіне көбірек көңіл бөлгені пайдалы. Бірақ мәселе мынада: Трамптың қарсыластарының бәрін қорқытып жатқан аласапыран тек ол жеңіліс тапқанда ғана басталуы мүмкін. Оның үстіне, егер қазіргі президент жеңілді деп жарияланса, онда АҚШ-тың өз ішіндегі ыдыраудың соңы жаңа президентті қайта сайланғаннан гөрі анағұрлым ауыр болады. Оның жақтастары Байденнің әділетті жеңісіне сенбейді. Америка екіге бөлінді. Бірақ егер Трампты шын жүректен қолдайтындар көп болса, Байденде ондай жақтастар жоқ. Оған Трамптың қарсыластары дауыс береді. Демек, Трамптың жеңілісі АҚШ-тағы ішкі қақтығыстың орын алуына әкеліп соқтыруы мүмкін, сондай-ақ, Байден әкімшілігінің сыртқы саясаты Ресей үшін әлдеқайда тиімсіз болары анық.
Байден жаңа соғыс өртін үрлемейді немесе жаңа санкцияларды салмайды. Мәселе Байденнің Ресейді өзінің ұлының компьютерінің қатқыл дискісіндегі материалдарды жариялау арқылы президенттікке сайлануына жол бермеуге тырысып жатыр деп айыптауы да тегін емес. Ол бұрынғы, элитаның жаhандық көзқарасты ұстанған бөлігі қалаған америкалық саясатты жүргізуге оралады: Америка жаһандық атлантикалық жобаны салуды жалғастыра беруі қажет. Ол сәтсіздікке ұшыраған күннің өзінде олардың өздері бұлай деп есептемейді. Керісінше, оны түзетуге және сақтап қалуға болатынына сенімді болып отыр.
Ал Трамптың қайта сайлануы әлемге әлдеқайда пайдалы болары анық. Екі жағдайда да. Егер Трамптың жеңісі АҚШ-тағы ұзаққа созылған және терең (бөліну деңгейіне дейін) дағдарысқа әкелсе, Америка әлсірейді. Ал егер ол өз-өзіне барынша көңіл бөлсе, әлем жаңа тежегіштер мен тепе-теңдік жүйесін, жаңа постамерикалық күштер балансын құруға бет бұрады. АҚШ-тың толық ыдырауымен және ядролық державаның басқару жүйесінің күйреуімен байланысты нұсқа ғана өте қауіпті болуы мүмкін, бірақ мұндай сценарийдің орын алуы неғайбыл.
Егер Трамп жеңіске жеткен күні шабуылдарды тойтарып, билікті сақтап қала алса, онда оның екінші мерзімі біріншіден әлдеқайда күрделі болуы мүмкін. Конгресті бақылауға алмаса да, ол әртүрлі елдермен екіжақты қатынастарда да, жалпы халықаралық сахнада да анағұрлым тәуелсіз саясат жүргізетін болады. Ол бұрынғыдай қысым жасайды, саудаласады және тарифтерді көтереді. Бірақ ол келісімге анағұрлым тез келетін болады.
Ең бастысы, Трамптың қайта сайлануы бүкіл әлемдегі америкалық одақтастар мен заң жүзінде тәуелсіз, бірақ басқа елдің саяси және экономикалық ықпалында тұрған мемлекеттің көңіл-күйін өзгертеді. Америка ешқашан бұрынғыдай болмайды. Демек, бұдан былай онымен де, жалпы әлемде де жаңа қатынастар жүйесін құру қажет.