Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

Қазір коронавирустық инфекциядан төрт мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың арасында 330 бала бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен ковидтік пневмониядан бес науқас көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте коронавирустан төрт, ал пневмониядан бір адам қайтыс болды.

Өткен тәулікте пневмонияға шалдыққан 216 пациент тіркелді. 1 тамыздан бері барлығы 37 962 адам ковидтік пневмониямен ауырды. 402 науқас қайтыс болды.

Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирустық инфекциядан 4 166 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 330 бала бар. Стационарларда 2 339 науқас жатыр. 1 827 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 154 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 12 пациент хәл үстінде жатыр. 17 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.