Оқиға

Алматыда базар өртенді – видео

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, сол маңдағы бутиктерді өрттен сақтап қалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Алматыда "Жібек жолы" автобөлшектер базарынан өрт шықты. Sputnik Қазақстан тілшісінің хабарлауынша, сегіз контейнер (қосалқы бөлшектер сақталған қоймалар) түгі қалмай жанып кеткен.

Оқиға орнына шұғыл қызметтер келді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қаланың төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтап жатыр.

Өрт сөндірушілер сол маңдағы бутиктер мен сауда қатарларын аман сақтап қалды. Алдын ала мәлімет бойынша 80 шаршы метр аумақ отқа оранған.