НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 392 науқас анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын инфекция 268 адамнан, ал алдыңғы күні 148 адамнан табылған болатын.
Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстан облысында блок бекеттер қойылады
Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – мұнда 205 адам ауырып қалған. Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері карантинді күшейту туралы қаулы шығарды.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 27,
- Алматы қаласы – 18,
- Шымкент қаласы – 1,
- Ақмола облысы – 20,
- Ақтөбе облысы – 12,
- Алматы облысы – 19,
- Атырау облысы – 12,
- Шығыс Қазақстан облысы – 205,
- Жамбыл облысы – 3,
- Батыс Қазақстан облысы – 8,
- Қарағанды облысы – 10,
- Қостанай облысы – 8,
- Қызылорда облысы – 3,
- Маңғыстау облысы – 1,
- Павлодар облысы – 23,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 17,
- Түркістан облысы – 5.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 111 492.