Өңірлер

Педофил құрбанына айналған қыздың ағасы Қостанайдан табылды

Полицейлердің мәлімдеуінше, ол осы кезге дейін достарымен бірге болған. Қазіргі кезде оның жағдайы бір қалыпты, дансаулығы да жақсы
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Қостанай облысында хабар-ошарсыз кетіп, бірнеше күннен бері іздеуде болған Бағаналы ауылының 20 жастағы тұрғыны Олег Ганя табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан Олег Ганяны қала орталығынан, вокзал маңындағы аялдамадан тапты. Ол осы кезге дейін достарымен бірге болған. Оның жағдайы бір қалыпты, дансаулығы да жақсы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін педофил қолынан қаза тапқан 7 жасар Виктория Ганяның ағасы жоғалып кеткені хабарланған болатын. Оны іздеуге 60-қа жуық ерікті мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмылдырылған.

Еріктілер Олег Ганяны 2014 жылы кісі қолынан қаза тапқан Виктория Ганяның үлкен ағасы екенін мәлімдеген.

Педофил құрбанына айналған бүлдіршін

Виктория Ганя 2014 жылдың 24 сәуірінде жоғалып кетті. Сол күні онымен бірге ойнаған балалардың айтуынша, оны бейтаныс адам белгісіз бағытқа алып кеткен.

Баланы іздеу бір айға жуық уақытқа созылды. Жеті жастағы Викторияның денесін еріктілер Рудный–Тобыл тас жолы бойындағы қараусыз қалған гараж ғимаратынан тапты.

ДНҚ сараптамасы арқылы қылмыскердің жеке басы анықталды.

Құқық қорғаушылар күдікті Лесниковты ідестіре бастағанда оның түрмеде отырғанын анықтаған. Сөйтсе, ол бұған дейін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанымен, тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың тіркеуіне бармай қойған. Сол үшін оған түрмеге қайта отырғызу жазасы қарастырылып, 2014 жылы 29 сәуірде қамады. Ал Виктория Ганя ол қамалардан бес күн бұрын жоғалған.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда 13 жастағы қыз жоғалды: полиция жауап алған ер адам өз-өзіне қол жұмсады

Тергеу нәтижелері бойынша Денис Лесниковтың Виктория Ганяны өлтіргені толық дәлелденіп, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.