Фото

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2020 жылғы үздік суреттері анықталды

Sputnik

Биыл Андрей Стенин атындағы жас фотографтардың халықаралық байқауына әлемнің 75 елінен 5 мыңға жуық туынды ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша үздіктердің үздігі таңдалды.

Испандық фотограф Луис Тато Стенин атындағы байқаудың бірнеше дүркін лауреаты атанды. Ол "DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл" сериясы үшін Гран-приді жеңіп алды. Бұл суреттерде өткен жылдың қаңтарында Найробидегі қонақ үй кешені аумағында болған теракт айқын әрі шынайы бейнелеген. Фото авторы қайғылы оқиғаны сол сәтте басынан өткерген жандардың эмоцияға, шарасыздыққа толы сезімін дәл бере алған.

Британдық фотограф Линзи Биллингтің "Басты жаңалықтар" аталымында бірінші орынды жеңіп алған "Жерленген әділдік" атты жұмысы да айрықша аталып өтті.

Байқау қорытындысы бойынша арнайы сыйлыққа Малафайя Альвестің "Бразилиядағы қара толқын" атты туындысы лайық деп танылды.

Андрей Стенин–2020 фотобайқауы жеңімпаздарының осы және басқа да жарқын, өміршең әрі шынайы еңбектерін фототаспадан тамашалаңыздар. 

Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының мұрындық болуымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдау мен заманауи фотожурналистиканың маңыздылығына қоғам назарын аударуды мақсат тұтады.

Оқи отырыңыз: Андрей Стенин атындағы конкурсқа ұсынылған үздік суреттер

Бұл – талантты, сезімтал және кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдайтын, біздің назарымызды жақын жердегі адамдар мен оқиғаларға аудартатын жас фотографтарға арналған алаң.

Жас фототілшілер байқау аясында саяси қақтығыстар мен әлеуметтік және экологиялық мәселелер тақырыбын қамтитын қазіргі заманның ең өткір проблемаларын көтереді.

 

1 / 11
Андрей Стенин атындағы фотобайқауда басты марапатты жеңіп алған испан фотографы Луис Татоның "DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл" сериясындағы суреті. Мұнда 2019 жылдың қаңтар айында Найробиде болған қайғылы оқиға бейнеленген.
2 / 11
Байқаудың "Басты жаңалықтар" аталымында британдық фотограф Линзи Биллингтің "Жерленген әділеттілік" туындысы бірінші орынға ие болды. Бұл сурет жүректі сөзсіз мұздатады.
3 / 11
"Басты жаңалықтар" номинациясының үздік сериясы – француз Жофрэ Гиймардың Орталық Америка, Гаити, Африка, Куба елдерінен қоныс аударушы мигранттардың "америкалық арманға" дейінгі ұзақ саяхаты көрініс тапқан "Оңтүстік шекара" атауымен топтастырылған суреттері.
4 / 11
Калькуттаның фототілшісі Сумита Саньяның Мусуни аралының тұрғындарына арналған "Тұйыққа тірелген өмір" туындысы. Ол "Менің жершарым" аталымында үздік жеке сурет деп танылды.
5 / 11
Байқауға фотограф Сергей Паршуков Ресейдің Воркута қаласының шежіресі бейнеленген "Жойылған әлемнің астанасы" деген атаумен бірнеше топтамасын ұсынды. Олар "Менің жершарым" номинациясында басқалардан оқ бойы озық болды.
6 / 11
"Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері" номинациясы бойынша ұсынылған суреттердің арасынан ресейлік Юрий Смитюктің "Врангель аралы" туындысы үздік жеке сурет деп танылды.
7 / 11
Қазылар алқасы "Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері" номинациясы бойынша италиялық журналист Данило Гарсия Ди Меоның "Кватрани. Жер сілкінісі және балалар" атты суретін ең үздік туындылар топтамасы деп бағалады.
8 / 11
Түрік фотографы Шебнем Кошкунның визуалды фантасмагориясы спорттық номинацияда ең үздік жеке сурет деп танылды. Бұл еңбекте кейіпкер Сахика Эркуменнің Гилиндир үңгірінде жаттығу жасап тұрған сәті бейнеленген.
9 / 11
Спорт тақырыбы сериясында ресейлік журналист Павел Волковтың артиллериялық снарядтан тұтанған өрттен таңғажайып жағдайда аман қалған азамат – Алексей Талайға арналған сурет туындысы жеңіске жетті.
10 / 11
Оңтүстікафрикалық фотограф Джон Весселстің "Эбола: ДР Конго" фотосериясы халықаралық Қызыл крест комитетінің "Гуманитарлық фотосуреттер үшін" арнайы сыйлығына "Басты жаңалықтар" аталымы бойынша ие болды.
11 / 11
Фототілші Леонардо Малафайя Альвес түсірген "Бразилиядағы қара толқын" тақырыбындағы суреті "Басты жаңалықтар" номинациясында Аль-Маядин телеарнасының арнайы сыйлығын жеңіп алды.