Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10.00 – Парламент мәжілісінің жалпы отырысы (Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі).
15.00 – "Алтын зал" тақырыптық онлайн-экскурсиясы (Трансляция Ұлттық музейдің Facebook-тегі парақшасында жасалады).
Нұр-Сұлтан
19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).
29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
09.30 – "COVID-19 жаһандық дәуірі: коммуникациялар траекториясындағы өзгерістер. Мамандық пен салалар үшін жаңа сын-қатерлер" тақырыбында XV халықаралық онлайн PR форумы өтеді. "PR индустриясына арналған карантин сабақтары, COVID-19 және коммуникациялардағы өзгерістер. Жергілікті және халықаралық коммуникация нарығының негізгі трендтері" бірінші пленарлық сессиясының спикерлері: Банк ВТБ (Қазақстан) корпоративтік коммуникациялар қызметінің директоры Татьяна Шевченко, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры, "Еуразиялық медиа форум" халықаралық қоры қамқоршылар кеңесінің мүшесі Руслан Жемков, Еуразиялық топ (ERG) ЖШС корпоративті коммуникациялар жөніндегі директоры Фатима Қосаева, CommUnity сарапшысы, коммуникация, дағдарысқа қарсы басқару саласындағы халықаралық кеңесші, медиа жаттықтырушы Олег Ильин (Германия). Форумның алғашқы екі жалпы отырысы ашық болады, трансляция https://www.youtube.com/user/Pressclubkz, https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub сілтемелері арқылы жасалады.
19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).
Алматы
18.30 – "Voci dell'Opera" концерті, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры (Қабанбай батыр көшесі, 110)
30 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан
18.00 – Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті ("Астана Опера" театры).
19.00 – "Лифт" қойылымы, "Жастар" театры (Есенберлин көшесі, 10).
19.30 – "Астана Балет" театрында премьера кеші. Екі жаңа бір актілі балет ұсынылады: Longing және Instinct (Ұлы Дала даңғылы, 9).
31 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан
18.00 – ХХ ғасырдың әйгілі хореографы Ролан Петидің Лео Делибес әуенімен сахналаған "Коппелия" комедиялық балеті. Либретто Эрнст Гофманның шебер Коппелиус жасаған механикалық қуыршаққа ғашық болған жас жігіт туралы "Песка" әңгімесінің негізінде жазылған ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).
4 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан
19.00 – "Абай әлемі" топтамасынан концерт: "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...". Концерттік бағдарламада Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев және басқа композиторлардың өңдеуіндегі Абай әндері шырқалады. "Астана Операда" алғаш рет Абайдың өлеңдеріне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық циклы орындалады (Қонаев көшесі, 1).
19.00 - "Наедине с Пушкиным" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).
5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан
12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).
6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан
19.30 - "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).
10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан
19.00 - "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).
14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан
18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.