НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданына қарасты Ақжол ауылдық округінің әкімі Татжан Өтемісов карантиндік шектеулерге қарамастан ұлының үйлену тойын жасап берген, деп хабарлайды "Мой город" сайты.
Той Орал қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Сол жерде түсірілген видео Instagram-да жарияланды. Артынан оны алып тастаған. Алайда адамдар әлеуметтік желідегі видеоны ұялы телефонға жазып алып, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберді.
Оқи отырыңыз: Тойға полицей болып кіріп келген асаба жауапқа тартылады – видео
"Бұл ыңғайсыз жағдай болды. Татжан Өтемісов еңбек демалысына шыққан. Жалпы, ауданның барлық әкімі карантин шараларын сақтау қажеттігін біледі. Арнайы бақылау топтары да бар. Олар шектеу шараларын сақтау жағын қадағалайды. Әкім демалыстан оралғаннан кейін мәселені заң аясында қараймыз", - дейді Үмітов.
Оның сөзіне қарағанда, 30 қазанда Ақжол ауылдық округінде әкім сайланады. Қазіргі әкім Татжан Өтемісов өз кандидатурасын ұсынбаған.