НҰР-СУҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 140 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Індетке шалдыққандар саны Шығыс Қазақстанда көп тіркелді. Бір тәулікте 25 адам, астанада - 23 науқас, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 23
- Алматы қаласы - 15
- Ақмола облысы - 14
- Ақтөбе облысы - 4
- Алматы облысы - 8
- Атырау облысы - 3
- Шығыс Қазақстан облысы - 25
- Жамбыл облысы - 3
- Батыс Қазақстан облысы - 5
- Қарағанды облысы - 10
- Қостанай облысы - 6
- Маңғыстау облысы - 1
- Павлодар облысы - 12
- Солтүстік Қазақстан облысы - 9
- Түркістан облысы - 2
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110 542.
Коронавирустық пневмония
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы тіркелді. 71 адам емделіп шықты, бір адам қайтыс болды.
1 тамыздан бері 36 921 адам дертке шалдығып, 394 науқас көз жұмды. Жазылып шыққандардың саны - 28 531 адамға жетті.