Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды

Жүзден аса науқастың жағдайы ауыр, 18 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Коронавирус инфекциясынан 240 бала ем алып жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, бес адам коронавирустан қайтыс болды, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Ал өткен тәулікте 26 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 3 042 адам ем қабылдап жатыр, арасында 246 бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Науқастар арасында 119 адамның жағдайы ауыр, 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан 1 825 адам көз жұмды. Бірінші тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониядан 394 адам қайтыс болды.