НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 138 миллиард теңге төледі.
2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ 297 253 адамға төлем төледі.
Тұтастай алғанда жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды.
Оның ішінде:
- зейнет жасына толуына байланысты төлемдер – 46,1 миллиард теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 36,1 миллиард теңге;
- тұрақты тұрғылықты жерге кетуге байланысты төлемдер– 27,6 миллиард теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 24,5 миллиард теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 3,01 миллиард теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 миллиард теңге.
БЖЗҚ ақпаратынша, ай сайынғы орташа төлем (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 739 теңгені құраса, ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы 506 980 теңге болды.
Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағын қалай көбейтуге болады?
Еске салсақ, келесі жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсай алады. Негізгі шарт – шоттағы ақша жеткіліктілік шегінен асуы керек.
Жеткіліктілік шегі 20 жастан бастап әр жас үшін бөлек есептелген. Зейнетақы жинағын баспана немесе жер телімін сатып алуға, ипотеканы өтеуге, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалануға болады.
Айта кететін жәйт, зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтар соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті.