НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 152 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Коронавирус жұқтырудың ең көп жағдайы Шығыс Қазақстан облысында (27) тіркелді. Содай-ақ, Алматы қаласында – 20 және Нұр-Сұлтанда – 15 науқас анықталды", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 14410 (+15)
- Алматы қаласы - 14647 (+20)
- Шымкент қаласы - 5225 (+3)
- Ақмола облысы - 3620 (+12)
- Ақтөбе облысы - 3281 (+1)
- Алматы облысы - 5081 (+12)
- Атырау облысы - 11254 (+5)
- Шығыс Қазақстан облысы - 9142 (+27)
- Жамбыл облысы - 4169 (+4)
- Батыс Қазақстан облысы - 6961 (+8)
- Қарағанды облысы - 10490 (+10)
- Қостанай облысы - 3581 (+6)
- Қызылорда облысы - 3252
- Маңғыстау облысы - 3384 (+6)
- Павлодар облысы - 4144 (+13)
- Солтүстік Қазақстан облысы - 4355 (+9)
- Түркістан облысы - 3406 (+1).
Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша ауырғандар саны 110 402 адамға жетті. Оның ішінде 105 618 науқас жазылып шығып, 1 796 адам қайтыс болды.