НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Шымкент қаласы мен Ақмола және Қарағанды облысында мемлекеттік бас санитар дәрігер бұйрықтары жарияланды.
Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды
Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантиндік шектеулерді 2020 жылдың 9 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Ақмола облысында түнде көшеде жүруге болмайды
Ақмола облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина 23:00-ден 6:00-ге дейінгі аралықта облыс аумағындағы елді-мекен тұрғындарының қозғалысын шектеу туралы қаулы шығарды.
Жаңа қаулыдағы бұл ерекшеліктер әкімдік пен полиция, жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметі, ауруханалар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, өрт сөндіру, әскери қызметшілер, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін жұмысшыларға қатысты емес.
Ал қаулының толық мәтінін мына сілтемеден таба аласыз.
Қарағанды облысында демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істейді
Қарағанды облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Залыгиннің жаңа қаулысымен қаладағы сауда үйлері мен сауда орталықтарына демалыс күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
Сондай-ақ, жалпы сыйымдылықтың 30%-тен артық мөлшерде адамдардың шоғырлануына жол берілмейді.
Оқи отырыңыз: Алматыда карантин күшейтіле ме – бас санитар дәрігердің жауабы
Сонымен қатар, сенбі күндері азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмыс істеуіне де рұқсат етіледі.
Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.